Актриса Әлия Ануарбек күйеуге шығатынын айтты (видео)

Жарияланды 21 Қазан 2025 11:51

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Әлия Ануарбек күйеуге шығатынын айтты
Әлия Ануaрбек күйеуге шығатынын айтты / фото: ашық дереккөз

Актриса Әлия Ануарбек MOM’sкий әңгіме подкастында өміріндегі өзгерістермен бөлісті. Бағдарлама жүргізушісі Айнұр Ілиясова актрисадан сүйіктісі туралы сұрады.

«Соңғы бес жылда жаңа жұмыс, көшу, жаңа фильм, басты рөл. Қазір қарым-қатынасың бар. «Бақыт құшағында» фильмі кезінде сырға салу болған еді. Естігенімізше, саған ұсыныс жасаған екен».

Әлия бұл сұраққа күлімсірей жауап беріп, қуанышты жаңалығын растады:

«Иә, ол маған ұсыныс жасады. Енді мен қалыңдықпын», — деді актриса.

Актриса атап өткендей, «Бақыт құшағында» фильмі оның кәсіби өмірінде ғана емес, жеке өмірінде де маңызды кезеңге айналған. Түсірілім барысында өз сөзінше, шынымен де «бақыт құшағында» болғанын айтты.

Әлияның айтуынша, түсірілім алаңындағы атмосфера эмоция мен әріптестердің қолдауына толы болған. Басты рөл оған актрисалық қырларын ашып, көрерменге жаңа қырынан танылуға мүмкіндік берген.

Айта кетейік, Әлия Ануарбек бес жыл бұрын жесір қалған еді. Азаматпен алты жылдық отбасылық өмірінде екі қызы дүниеге келген.

Сондай-ақ оқыңыз