Елдос Сметов Олимпиада алтыны үшін сыйлаған көлігін сатылымға шығарды

Жарияланды 22 Қазан 2025 17:16

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Фото: Елдос Сметовтың инстаграмдағы парақшасынан

Спортшы Елдос Сметов Париж Олимпиадасындағы жеңісі үшін сыйлаған көлігін сатылымға шығарды. Бұл туралы инстаграм парақшасында жариялаған.

«Сатылымға шықты, жұғысты болсын деп… Алушылар болса, үлгеріңіздер», – деп жазды ол сторисіне. Сметов көлігін хабарландыру сайтына орналастырып, 45 млн теңгеге бағалаған.

Бұл көлікті спортшыға кәсіпкер былтыр қыркүйекте Жұмабек Жанықұлов сыйлаған еді.

Елдос Сметов – Орталық Азиядағы ең көп титут алған дзюдошы. 2024 жылы Франциядағы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, алтын алды. Жеңісі үшін оған облыс әкімдігі бес бөлмелі пәтер мен Lexus 600 көлігінің кілтін табыс еткен.

Сондай-ақ оқыңыз