Apple 2027 жылы iPhone 20 шығаруды көздеп отыр

Жарияланды 23 Қазан 2025 09:55

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Apple бірден iPhone 20-ға өтпек / Фото: macrumors.com

2027 жылы iPhone 20 жылдығын атап өтпек. Apple бұл оқиғаны есте қаларлықтай ету үшін құрылғыны қайта жаңғыртып, атауын да өзгертуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Omdia компаниясының аға зерттеушісі Хо Му-ель (Heo Moo-yeol) мәлімдеді.

Егер қазіргі дәстүр сақталса, 2027 жылы шағатын үлгі iPhone 19 деп аталуы керек. Алайда сарапшының айтуынша, Apple бірден iPhone 20-ға өтпек. Мұндай тәсіл бұған дейін де болған. Мысалы, 2017 жылы шыққан iPhone X елеулі дизайн өзгерісінің символына айналды және оның ықпалы бүгінге дейін байқалады.

«iPhone 20 сериясы iPhone тарихындағы тағы бір бетбұрыс кезең болады деп күтілуде. Бұрын жарияланған есептерде қиғаш сызықтар дисплей құрылғыны алдыңғы жағынан қарағанда тұтас шыныға ұқсатып көрсетеді деп айтылған», – делінген хабарламада.

Есепте сондай-ақ Apple келесі жылы iPhone 18-дің базалық нұсқасынан бас тартуы мүмкін екені айтылған. Оның орнына компания Air және Pro модельдерін, сондай-ақ көптен күткен iPhone Fold құрылғысын ұсынбақ.

Ал бір жылдан кейін Apple iPhone 20 сериясын таныстырады. Оның құрамында базалық модель болады, бірақ ол жыл басында арзанырақ iPhone 18e үлгісімен бірге жарық көреді. Ал күзде компания жаңартылған iPhone 20 Pro, Air және Fold 2 үлгілерін арнайы ұсынады.

Айта кетейік Apple әлемдік смартфон индустриясында жаңа кезеңді бастап, бүктелетін iPhone әзірлеу жұмысын жеделдетіп жатыр. Nikkei Asia деректеріне сәйкес, компания жақында жеткізушілермен келіссөздер жүргізіп, Тайванда сынақтық өндірістік желі құруды қолға алған.

Сондай-ақ оқыңыз