«Бала-шағасы сыйдырмай қуған ба?» – Ақбота Керімбекова жауап берді

Жарияланды 27 Қазан 2025 14:38

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Ақбота Керімбекова отбасындағы ахуалды көрсетті / фото: ашық дереккөзі
Ақбота Керімбекова отбасындағы ахуалды көрсетті / фото: ашық дереккөзі

Ақбота Керімбекова «бала-шағасы Алматыға сыйдырмай қуды» деген қаңқу сөзге жауап берді. Ол баласы мен келінін көрсетіп, еркелетті.

«Құлындарым менің, мамасының құлындары! Жарықтары! Мені сыйдырмай, қуып жіберген бала-шағам», – деді әнші оларды айланып-толғанып.

Ешқандай негізсіз тараған мұндай жел сөзге Ақбота Керімбекова риясыз күліп алды. Ешқандай ашу шақырмады.

«Бүгін Алматыға келіп, бала-шағаммен қауыштым. А, Арайка, келіні сыйдырмапты дей ме?! Құдай, сақтай гөр! Ау, қазағым жақсы сөз айтып үйренейік. Балаларымыздың бақытын көрейік», – деп ұлы мен келінін еркете түсті әнші.

Мұның алдында Ақбота Керімбекова мен ұлттық арна дауға қалғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз