
Танымал әнші Роза Рымбаева журналист Қанат Тілеуханға және Qajet арнасына сұхбат берді. Әңгімесінде өнер қайраткері депутат болуға ұсыныс түскені жайлы да айтып берді.
«Мен үш рет депуаттыққа ұсынылдым. Екі рет «НұрОтан» партиясының атынан, бір рет осы Бостандық ауданының атынан. Үшеуінен де бас тарттым. Мен депутат емеспін, саясаткер емеспін, заңгер емеспін», – деді ол.
Әнші депутаттық креслоға отырған әріптестерін де сынға алды.
Ол жерде біздің әріптестерді көрдіңіз ғой отырған, әртістерді отырған. Әншілерімізді сіз білесіз, аттарын айтпай-ақ қояйын. Не бітірді, не айтты? Не үлес қосты? Көбінесе атақ үшін барды деп ойлаймын солар», – деген наразылығын да айта кетті.