Қазақстанда Jetour T1 кроссоверінің ресми сатылымы басталды. Бағасы қанша

Жарияланды 31 Қазан 2025 12:43

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Jetour T1 – бұл орта өлшемді кроссовер / Фото: Jetour

Қазақстанда Jetour T1 жол талғамайтын көлігінің тұсаукесері өтті. Көліктің бағасы да белгілі болды. Жаңа модель жалғыз жинақтамада ұсынылып отыр, құны 15 990 000 теңгені құрайды.

Jetour T1 – бұл орта өлшемді кроссовер, ол флагмандық T2 моделінен бір саты төмен орналасқан. Сыртқы көрінісі жағынан екі көлік ұқсас болғанымен, бөлшектерінде айтарлықтай айырмашылық бар. Олардағы жарық жүйесі, радиатор торы, бамперлері мен жалпы шанақ құрылымы мүлде өзгеше. Мысалы, T2 көлігінде дәстүрлі жол талғамайтын көліктерге тән төртбұрышты, стандартты шанақ болса, T1 жұмсақ әрі тегіс сызықтармен үйлестіруге тырысқан.

Jetour T1 өлшемдері: ұзындығы – 4 706 мм, ені – 1 967 мм, биіктігі – 1 845 мм. Дөңгелек базасы – 2 810 мм.

Фото: Jetour

Jetour T1 зарықшылықтары

  • Қос әйнек салон ішіндегі шу деңгейін төмендетеді
  • Алдыңғы орындықтарды электрлі реттеу және желдету жүйесі
  • Алдыңғы және артқы орындықтардың, рульдің, айна мен шыны жуу форсункаларының жылытқышы
  • N95 сүзгісімен жабдықталған екі аймақты климат-бақылау
  • Орталық құлып және кілтсіз кіру жүйесі
  • Жүксалғыш есігін электрлі ашу
  • Адаптивті круиз-бақылау және басқа да ыңғайлы функциялар
Фото: Jetour

Қозғалтқыш жүйесі

Капот астында 2 литрлік турбоқозғалтқыш орналасқан, оның қуаты – 254 ат күші, ал айналу моменті – 390 Нм. Бұл қозғалтқыш 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен жұмыс істейді. Автокөлікте жол жағдайына бейімделуге мүмкіндік беретін жеті түрлі қозғалыс режимі бар, ол тас жолдан бастап, жолсыз жерлерге дейін еш қиындықсыз еңсере алады. Максималды жылдамдығы – 180 км/сағ.

Фото: Jetour

Жетек толық әрі тек толық жетекті жүйемен жабдықталған. Бұл – BorgWarner компаниясының алтыншы буынды муфтасы қолданылған фирмалық XWD жүйесі. Ол жол жағдайына байланысты айналу моментін дөңгелектер арасында автоматты түрде үлестіріп отырады.

Айта кетейік, Jetour Қазақстанда аса танымал берндетрдің бірі.

Сондай-ақ оқыңыз