
Берік Тұрсынбек Тұрсынбек Қабатовты қолдады делінген жазбасына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл – сарказм.
«Сөз төркінін, сарказмді түсінбейтін мына парақша сияқты әйелдер көп екен, өз басымен ойланып, әліптің артын бағатын да әйелдер бар екен. Бұл жазба «Вәйнә и мір» деп аталатын комедиялық спектальдің сценарийі. Тақырып келсе болды: анау айтты деп ақ ит, көк ит боп жатқандар-ай», – деп таңырқады Берік Тұрсынбек.
Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілер актердің жазбасын басқа әйел үшін отбасын бұзған Тұрсынбек Қабатовты қолдау ретінде көрсеткен болатын. Онда мынадай сөз айтылған-ды:
«Қатын жолда, бала белде. Жігіттер, жасымаңдар! Қадіріңді білмеген әйелмен уақытыңды қор етпе. Өмір бізге де бір-ақ рет беріледі. Біреуді бағу, көңілін табу – біздің міндетіміз емес. Өзімізді ойлайық. Бала бағу – еркекке міндет емес, бақыт. Біз бастамай түрғанда, ес жиыңдар, қатындар халқы».
Бұл жазба оқырмандар тарапынан қатты сын тезіне ұшыраған.
Айта кететін жайт, актер Берік Тұрсынбек Күлпәш образы арқылы көпшілікке кеңінен танылған.
Тұрсынбек Қабатов болса, бұрынғы жарының «балаларды блоктады» деген сөзін жоққа шығарған еді.