
2026 жылы қытайлық Hunan Broadcasting System компаниясымен бірлесіп құрылған Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайбергеннің жаңа халықаралық жобасының премьерасы өтеді. Voice beyond Horizon деп аталатын музыкалық шоуға алты елден сегіз талант иесі қатысады. Димаштың өзі жобаға бас продюсер болады.
Қазақстаннан жобаға әнші және музыкалық театр актері Нұржас Садырбай қатысатын болды.
Нұржас Садырбай 2000 жылы Үшқұдықта дүниеге келген. Ол ӨзбекстандағыНауаи мемлекеттік мәдениет және өнер колледжін «Академиялық вокал» мамандығы бойынша, содан кейін Асхат Маемировтың шеберханасында оқыған Қазақ ұлттық өнер университетін бітірген.
Кәсіби сахнада Нұржас «Абай – Тоғжан», «Гаухартас» спектакльдеріндегі және «Ромео мен Джульетта» мюзикліндегі рөлдерімен танымал. Кинода ол «Естай мен Қорлан» музыкалық фильмінде басты рөлді ойнап, қазақ композиторы Естайдың бейнесін сомдады.
2020 жылдан бастап актер Астананың жас көрермендер мемлекеттік музыкалық театрында жұмыс істеп, «Қыз Жібек», «Мадмуазель Нитуш» және «Шәмші» қойылымдарында жетекші партияларды орындайды.
Енді әнші Қазақстанды Димаш Құдайбергеннің бастауымен өтетін конкурста әлемдік сахнада таныстыруы керек.
Осыған дейін Димаштың жаңа шоуы туралы жазған едік.