Дональд Трамптың балалық шағы өткен үй сатылымға шықты

Жарияланды 10 Қараша 2025 09:59

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business News бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Трамптың балалық шағы өткен үй сатылымға шықты / Фото: The Wall Street Journal басылымы

АҚШ президенті Дональд Трамптың балалық шағы өткен үйі сегіз айлық жөндеуден кейін қайта сатылымға қойылды. The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Нью-Йорктің Куинс ауданындағы Джамайка Эстейтс кварталында орналасқан үйдің бағасы – 2,3 миллион доллар.

Бес бөлмелі тұрғын үйді Трамптың әкесі Фред Трамп 1940 жылы салған. Дональд Трамп дәл осы үйде өмірінің алғашқы төрт жылын өткізген.

Үйдің қазіргі иесі девелопер Томми Лин жылжымайтын мүлікті 2025 жылы 835 мың долларға сатып алған. Ол шамамен күрделі жөндеуге 500 мың доллар жұмсап, үйді жаңартқаннан кейін сатылымға шығарды.

Реставрацияға дейін ғимараттың жағдайы нашар болған: су мен электр желісі істен шыққан, құбыр жарылған соң қабырғалары көгерген. Қазір үй толық қалпына келтіріліп, тарихи нысан ретінде жаңа иесін күтіп тұр.

Сондай-ақ оқыңыз