Актриса Аружан Джазильбекова қызды болды

Жарияланды 17 Қараша 2025 11:20

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Қазақстандық актриса Аружан Джазильбекова мен жұбайы, «Замандас» подкастының жүргізушісі Ержан Алдабергенов ата-ана атанды. Жұбайлар бұл қуанышты хабарды әлеуметтік желідегі әсерлі видеоролик арқылы бөлісті.

Аружан Джазильбекованың айтуынша, сәби әкесінің сүйікті күніне дәл келген.

Біз ұзақ уақыт бойы сені күттік. Ал сен, әкеңнің қызы сияқты, оның сүйікті күні – 11.11.25-ті таңдадың. Енді бұл күні біздің Сарочка дүниеге келді. Біз – әлемдегі ең бақытты ата-анамыз, – деп жазды актриса.

Желі қолданушылары мен әріптестері жас отбасыны құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр:

«Бауы берік болсын! Анасы мен бөбегіне мықты денсаулық тілейміз!»,
«Отбасыңыздағы үлкен қуаныш құтты болсын! Қызыңыз аман-сау өссін!»,
деп жазып жатыр оқырмандар.

Ал Ержанның әріптесі, досы Қанат Бейсекеев «құда болайық» деп ұсынысын жасап үлгерді.

Еске сала кетейік, бұған дейін ұлды болған блогер Елдос «Колобок» баласына қандай ат қойғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз