«Моана» фильмінің ресми трейлері жарық көрді

Жарияланды 18 Қараша 2025 08:27

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: скрин

Disney студиясы көпшілік күткен «Моана» көркем фильмінің (2026) алғашқы ресми трейлерін жариялады. Бұған дейін 2016 жылы жарық көрген танымал анимациялық мультфильм бүкіл әлемде үлкен жетістікке жеткен еді. Енді сол оқиға толықметражды фильм форматында қайта жаңғырып, көрерменге жаңа қырынан ұсынылмақ.

Жаңа трейлерде Тынық мұхитының табиғаты шынайы түсірілімдер арқылы өте әсерлі берілген. Моананың бала кезінен таныс образдары енді нақты актерлердің ойынында көрініс тауып, оқиға бұрынғыдан да эмоционалды, реалистік сипат алған.

Disney мәліметінше, фильм 2026 жылдың 9 шілдесінен бастап әлемдік прокатқа шығады.

Еске сала кетейік, «Моана 2» қазақ тіліне дубляждалған фильмдердің арасында ең табысты жоба болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз