Мөлдір Мұқанованың шашуы Айгүл Иманбаеваның шекесіне оңбай тиді (видео)

Жарияланды 18 Қараша 2025 12:07

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Айгүл Иманбаева жабық көрсетілімге жақсы көңіл-күймен келген еді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Айгүл Иманбаева жабық көрсетілімге жақсы көңіл-күймен келген еді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Айгүл Иманбаева Мөлдір Мұқанованың жаңа фильмінің жабық көрсетілімінде шашылған шашу – кәмпиттерден қалай таяқ жегін көрсетті.

Мөлдір Мұқанова мен оның қасында отырған Жұлдыз Әбдікәрімова және басқа да жұлдыздар құдды бір аспаннан жауған бомбадан қорғанғандай күй кешті.

Кадрдан жұлдыздардың «ойбай, ақырын» деген жан дауысы шығып жатқаны естіледі. Жұлдыз Әбдікәрімованың түрі бұзылып, «керегі жоқ» деп, кәмпиттерді лақтырмауын өтініп, қолын бұлғап жатты.

Бір кезде Айгүл Иманбаеваның өңі қашып кетті. Өйткені, бір кәмпит келіп, басына қатты тиген. «Тақ еткізгені несі?» деп ауырсынып, шамданғанын жасыра алмады. Шекесін қайта-қайта сипап, ауырған жерін басуға тырысты.

Айгүл Иманбаева жабық көрсетілімге жақсы көңіл-күймен келген еді. Мөлдір Мұқановаға және оның «Шәй в большом городе» атты фильміне қолдау білдіріп:

«Шәйдің (фильмнің атауын меңзеп) өте тәтті, дәмді болатынына күмәнім жоқ. Оның себебі – Мөлдірдің ниетінде. Жап-жарық көңілінде», – деген еді кинотеатрға кіріп жатып.

Десе де, орынсыз шашу Айгүл Иманбаеваның, Жұлдыз Әбдікәрімованың да құтын қашырғаны анық көрінді.

Мұның алдында Мөлдір Мұқановаға лотерея ойнатқаны үшін 600 000 теңгеге жуық айыппұл салынғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз