Miss Universe 2025: Ұлттық киім конкурсында Қазақстан нешінші орын алды

Жарияланды 19 Қараша 2025 16:04

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: REUTERS

Халықаралық Pageant Pulse Media платформасы Miss Universe 2025 байқауындағы ең үздік ұлттық костюмдерді жариялады. Рейтингке әлемнің ондаған елдері кірген тізімнен Қазақстан ТОП-20-лыққа енді.

Pageant Pulse Media – сұлулық индустриясындағы ең танымал және ықпалды fan-media платформалардың бірі. Олар жыл сайын Miss Universe қатысушыларына талдау жасап, ең көз тартарлық костюмдерге өз бағасын береді.

Айта кетейік, Miss Universe ұлттық киім конкурсында ресми орындар (1-, 2-, 3-орын) берілмейді. Рейтингтерді негізінен тәуелсіз платформалар, фан-парақшалар немесе медиа жасайды.

Сондықтан танымал Pageant Pulse Media бағалауы бойынша 1 орынды Филиппин атынан қатысушы Ахтиса Манало орын алды.

Филиппин аруы / фото: REUTERS

Әр елдің аруы өз мемлекетінің тарихын, табиғатын және рухани мұрасын сахнада сәнмен көрсетті. Биылғы байқаудың ерекшелігі Палестина елі алғаш рет қатысты.

Палестина аруы Надин Аюб ұзын шлейфіне Иерусалим мен зәйтүн ағаштарының бейнесін кестелеп түсірген. Ақ түсті негізге салынған жасыл өрнектер Палестинаның мәдениеті мен жерінің қасиетін айшықтайды.

Палестина аруы / фото: REUTERS

Келесі ерекше образымен көзге түскен Перу өкілі мұз кристалдары секілді жарқыраған алып қанаттармен сахнаға шықты. Костюмнің айрықша элементі – күн нұрындай сәулеленген бас киім.

Перу
фото: REUTERS

Дана Алмасова қандай көйлек киді?

Еліміздің атынан сынға түскен Дана Алмасова ұсынған ұлттық костюм басқа елдердің сәнді әрі көлемді киімдерімен салыстырғанда қарапайым көрінгенімен, өзінің терең мазмұнымен ерекшеленді.

Костюмді отандық Shimai бренді төрт ай бойы дайындаған. жібек пен киізден тігілген, ал әшекей бөліктері қазақ даласының символы – қызғалдақ гүлдерімен безендірілген.

Дана Алмасова бұл костюм туралы:

«Біздің де қызғалдақтарымызды бүкіл әлем таныса деймін», – деп бөлісті.

Бангкокта өтіп жатқан Miss Universe 2025 байқауының ұлттық костюмдер шоуы көрермендерді әлем елдерінің мәдениеті мен дәстүрін паш еткен ерекше образдармен таңғалдырды.

Айта кетейік, бүгін дауыс берудің соңғы күні, Kursiv Media Miss Universe байқауында қалай дауыс беруге болатынын жазған еді. Сондай-ақ, бұған дейін Дана Алмасова ішкиім конкурсында үздік бестікке енген еді.

Сондай-ақ оқыңыз