«Дәстүр: Теріс бата»: фильмінің трейлері жарық көрді

Жарияланды 21 Қараша 2025 08:34

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

25 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрерменге ұсынылатын «Дәстүр: Теріс бата» фильмінің ресми трейлері шықты.

Фильмді «5:32», «1286» секілді қазақстандық хит-сериалдардың режиссері Алишер Утев түсірген. Бұл жолы қазақ қоғамындағы тыйым, наным-сенім және «теріс батаның» салдары тақырыбын заманауи хоррор элементтерімен ұштастырып, ерекше атмосферадағы киноны ұсынады.

Айта кетейік, «Дәстүр» фильмінің алғашқы бөлімін түсірген режиссер Қуаныш Бейсек биыл «Ауру» фильмін түсірді. «Ауру» фильмі алғашқы аптада кинопрокатта 517 млн теңгеден астам қаржы жинады.

Сондай-ақ оқыңыз