Miss Universe 2025: Мексика аруы жеңіске жетті. Қазақстан нешінші орын алды

Жарияланды 21 Қараша 2025 11:08

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: REUTERS/Chalinee Thirasupa

Таиландта өткен 74-ші халықаралық Miss Universe 2025 байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы жылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген сұлулар арасынан Мексика өкілі Фатима Бош озып шығып, жаңа Ғалам аруы атағын жеңіп алды.

Финалдық тізімде орын алғандар:
• 1st Runner-Up (вице-ару) – Правенар Сингх (Таиланд)
• 2nd Runner-Up – Стефани Абасали (Венесуэла)
• 3rd Runner-Up – Аниса Манало (Филиппин)
• 4th Runner-Up – Оливия Яс (Кот-д’Ивуар)

Ал алдын ала жарияланған нәтижелер бойынша, биылғы ТОП 30 құрамына Үндістан, Қытай, Таиланд, АҚШ, Франция, Жапония, Куба, Нидерланд, Доминикан Республикасы сынды мемлекеттердің өкілдері кірді.

Қазақстандық қатысушының өнер көрсетуі

Қазақстан намысын биыл 21 жастағы Қостанай қаласының тумасы Дана Алмасова қорғады. Дана байқаудың бірнеше кезеңінде жарқырай көзге түсті:

Ішкиім шоуында үздік бестікке кіріп, ұлттық киім дефилесінде қызғалдақ көйлегімен шықты. Көрермендер мен жанкүйерлер Алмасоваға дауыс бергенімен, негізгі рейтингке ТОП 30 құрамына өте алмады.

Сондай-ақ оқыңыз