Армения премьер-министрі Пашинян қазақша ән тыңдап, «жүрекше» көрсетті (видео)

Жарияланды 21 Қараша 2025 11:54

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Пашинян
Фото: instagram.com/nikolpashinyan_official, бильд-редактор: Дастан Шанай

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян өз әлеуметтік желісінде Астанадан түсірілген видеосын жариялады. Видеоның ар жағында қазақ әншісі Баянсулу Сағындықова (BAYANSULU) орындайтын Aua rai әні шырқалып тұр.

Видеода Пашинян қонақүй терезесінен Астананың таңғы көрінісін түсіріп, ролик соңында қолымен «жүрекше» көрсетеді.

«Қайырлы таң, жақсы күн тілеймін, сіздерді жақсы көремін», – деп жазды видеоның астына.

Еске салайық, 20 қараша күні кешке Никол Пашинян Астанаға ресми сапармен келді. Оны әуежайда Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

21 қараша күні армян делегациясының Қазақстан тарапымен екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне арналған бірнеше кездесуі жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз