Superhero: Alem жаңа ән шығарды

Жарияланды 22 Қараша 2025 23:13

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: скрин

Қазақстандық танымал музыкант Alem жаңа музыкалық жұмысын ұсынды. Superhero деп аталатын композиция 27 қарашадан бастап жарық көрген BayGuys фильмінің ресми саундтрегі ретінде жарияланды.

Өнерпаз бұл жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, тыңдармандарды жаңа тректі YouTube арнасынан тамашалауға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Alem Silk Way Star жобасының финалына өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз