
Көпшілікке Macan лақап атымен танымал ресейлік әнші, рэпер Андрей Косолапов 28 қараша күні мерзімді әскери қызметке кетті. Өнерпаз Instagram парақшасында әскерге келген суретін бөлісті.
Macan Ресей ұлттық гвардиясының (Росгвардия) элиталық арнайы жасағы саналатын «Витязь» арнайы мақсаттағы орталығына жіберілген. Бұл бөлім – жоғары дайындықтағы, арнайы тапсырмаларды орындайтын элиталық құрылымдардың бірі.
Әнші әскерге кетер алдында соңғы концерттерін өткізіп, жанкүйерлеріне қолдау білдіргені үшін алғыс айтқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін танымал кәсіпкер Айдын Рахымбаев та ұлын әскер қатарына жібергенін жариялаған еді.