Жұлдызжорамал: 1 желтоқсанда сізді не күтіп тұр

Жарияланды 1 Желтоқсан 2025 08:48

коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский

Желтоқсанның алғашқы күніндегі астрологиялық ахуал алдағы аптаға әсер етуі ықтимал. Kursiv LifeStyle Geocult.ru дерегіне сүйене отырып, барлық жұлдыз жорамал белгілеріне арналған болжам ұсынады.

Тоқты

Ішкі жан дүниеңіз, қуатыңыз (Ай Тоқты белгісінде) жоғары деңгейде, бұл жаңа жобаларды бастауға және мақсатқа белсенді ұмтылатын сәт. Қаржыға байланысты сұрақтарда асығыстық танытпағаныңыз жөн.

Торпақ

Кәсіби салада күтпеген өзгерістер туындауы мүмкін. Икемді бола біліңіз. Өзгеріс сіздің пайдаңызға шешілуі ықтимал. Қаржылық тұрақтылық үшін бюджетке қайта көз жүгіртіп, әсіресе жылжымайтын мүлікке қатысты шығындарды ойлану қажет (Юпитер Шаянда). Жеке өмірде еркіндік пен жауапкершілік арасындағы теңдікті сақтаңыз.

Егіздер

Құжат рәсімдеу және келіссөздерде ұқыптылық танытыңыз. Қаржы жағынан серіктестік жобалар мен бірлескен инвестициялар сәтті болмақ. Қарым-қатынаста ашық сөйлесіп, бұлыңғыр тұстарды қалдырмаңыз – бұл түсініспеушіліктің алдын алады.

Шаян

Шаяндары Юпитердің арқасында бизнеске қатысты шешім қабылдарда, интуицияға сенгені дұрыс. Қаржыда сақтық қажет: ірі қарыз беруден немесе басқа біреудің қарызын өз мойныңызға алудан бас тартқан жөн. Жеке өмірде үйдегі жылулық пен қамқорлық қарым-қатынасты нығайтады.

Арыстан

Арыстандар үшін бүгін жарқырайтын кезең – көпшілік алдында сөйлеу, үлкен мақсат қою, жаңа бастама көтеру үшін таптырмас уақыт. Қаржыда табыс шығармашылық жобалар арқылы келеді. Жеке өмірде флирт пен жаңа таныстықтар ыңғайлы, бірақ асықпаған абзал.

Бикеш

Бикеш үшін желтоқсаннның алғашқы күні есеп-қисапты реттеу, жұмысты жүйелеу сәтті жүреді. Қаржылық шешімдерде сабыр сақтап, техникаға қатысты ірі сатып алуларды кейінге қалдырған жөн. Қарым-қатынаста сабырлы болып, ортақ құндылықтарды бірінші орынға қойыңыз.

Таразы

Таразылар, байланыс орнатудан қашпаңыз – табыс сол жерде. Қаржыда бұрын жасалған келісімдерден шағын, бірақ жағымды түсімдер болуы мүмкін. Жеке өмірде гармония басым, тек бәрін бақылауға ұмтылуды тежеңіз.

Сарышаян

Сарышаян үшін жұлдыздардың тоғысуы үлкен қаржы, инвестиция және сыртқы ресурстармен жұмыс жасауды белсенді етеді. Сақтық – басты шарт. Қаржы тәуекелі жоғары кезең, сондықтан әр серіктесті мұқият тексеріңіз. Қарым-қатынаста манипуляция жасамаңыз, сенімге нұқсан келуі мүмкін.

Мерген

Мергендерге жеке бренд қалыптастыру, идея ұсыну, өзіңізді көрсетуге тамаша уақыт. Қаржыда шетелдік әріптестік немесе білім беру жобалары табыс әкелуі ықтимал. Жеке өмірде сізбен бір толқында болатын адамды іздеңіз.

Тауешкі

Ескірген жоспарлардан бас тартып, жаңасына жол ашыңыз. Қаржыда үнем мен жоспарлау маңызды – болашақ инвестиция үшін база құрасыз. Жеке өмірде серіктес кеңістік сұрауы мүмкін, оған дайын болыңыз.

Суқұйғыш

Қаржыда инновация, технология, ұжымдық жобалар сәтті. Жеке өмірде еркіндік, саналы әңгіме айтыңыз. Күнделікті, қалыпты өмірден қашыңыз.

Балықтар

Балықтар белгісіндегі Сатурн, Нептун сезімталдық пен шығармашылықты күшейтеді – оны бизнес пен жеке жобада тиімді пайдалануға болады. Қаржыда шынайы болыңыз: шамадан тыс сенім жоғалтуларға әкелуі мүмкін. Жеке өмірде терең, рухани байланыстарды таңдаңыз.

Сондай-ақ оқыңыз