
Танымал әнші Айқын Төлепберген мен жары, әнші әрі актриса Жұлдыз Өмірғали сәбилі болды. Қуанышты жаңалықты Айқын өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
Өнер жұбының жаңа туған перзенті – қыз бала. Әке болған Айқын жазбасында:
«Бүгін 1.12… Нұртан Ару Айқынқызы дүниеге келді. Жұлдызыма үлкен алғыс. Мен сені жақсы көремін», – деп жүрекжарды лебізін жеткізді.
Желі қолданушылары мен әріптестері әншіні жаппай құттықтап, жылы тілектерін арнап жатыр.
Айта кетейік, Айқын Төлепбергеннің бірінші некесінен бір ұл, бір қызы бар. Жұлдыз екеуінің арасында енді бір ұл, екі қыз болды.