«Болашақпен» оқып келген Айгүл Иманбаева кәсібін ашты

Жарияланды 2 Желтоқсан 2025 11:20

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Бейнежазбада Айгүл Иманбаева мен жас таланттар өнер көрсетіп жатқаны көрсетілген / фото: instagram
Бейнежазбада Айгүл Иманбаева мен жас таланттар өнер көрсетіп жатқаны көрсетілген / фото: instagram

«Болашақпен» Америкада оқып келген Айгүл Иманбаева Қазақстанда дәмхана ашып, кәсіп бастады. Дәмхана – «Қазан Лағман» деп аталады.

Ол бұл жаңалығын әлеуметтік желі арқылы бөлісті.

Әншінің айтуынша, бұл – ерекше форматта ашылған кәсіп. Ғимараттың бұрышында сахна қойылған. Бейнежазбада бұл жерде Айгүл Иманбаева мен жас таланттар өнер көрсетіп жатқаны көрсетілген. Өлең-жырларын оқып, келушілерді тәнті етеді.

Сонымен қатар әнші дәмхана атауын неге «Қазан Лағман» деп аталғанын түсіндіріп берді.

«Неге «Қазан Лағман» дәмханасы? Білесің бе? Келе жатқанда не жейтініңді білуің керексің. Лағман жейсің, палау жейсің», – деп түсіндірді Айгүл Иманбаева.

Әнші мұның алдында күйеуінің анасы, яғни енесімен жылы қарым-қатынасы туралы айтып берген болатын. Айгүл Иманбаева оны анасындай көреді.

Сондай-ақ оқыңыз