«Курица болғым келген жоқ»: Дариға Бадықова Forbes журналына шықты

Жарияланды 12 Желтоқсан 2025 14:32

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Қазақстандық актриса, продюсер Дариға Бадықова Forbes журналына енді. Бұл жаңалықты өнер иесі өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жетістігін сабырлы қабылдағанын жасырмады.

Актрисаның айтуынша, Forbes секілді беделді басылымға шығу еңбегінің нәтижесі. Алайда бұл оқиға оның ішкі күйіне де, өмірлік ұстанымына да айтарлықтай әсер етпеген.

«Forbes-ке шықтым, құттықтап қойсаңыздар болады еңбегім ғой. Бірақ ішімде де, сыртымда да өзгеріс жоқ. Фотоға түскенде де «курица» болғым келген жоқ», – деп жазды Бадықова.

Өзінің табиғи болмысын, қарапайым қалпын сақтауды маңызды санайтынын атап өтті. Актрисаның сөзінше, тіпті бұл жаңалыққа байланысты салтанатты түрде тойлау немесе жұртты жинап, шампан атқылау да ойында болмаған.

«Кеше біреу «балконнан шампанский атып, жұртты жинамадың ба?» деп әзілдеді. Бірақ мен үшін бұл — бір қалыпты жағдай», — дейді ол.

Дариға Бадықова бұл сабырлылықтың себебін де түсіндірген. Мамандармен сөйлескеннен кейін, өзін ішкі тыныштығы бар, қысымсыз өмір сүретін, көп нәрсені асыра уайымдамайтын еркін адам ретінде танығанын айтады.

Айта кетейік, Дариға Бадықова соңғы жылдары қазақстандық кино мен мәдениет кеңістігінде өзіндік орны бар актриса ретінде танылып келеді. Бадықованың екі фильмі қазақ киносы тарихында ең көп касса жинаған туындылардың арасында көш бастап тұр.

Сондай-ақ оқыңыз