«Қазақстан дауысы» эфиріне келмей, теңізде билеген Баян Алагөзова сынға ұшырады

Жарияланды 14 Желтоқсан 2025 12:03

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Баян Алагөзова продюссер
коллаж: Kursiv.Media, instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер Баян Алагөзова теңіз жағалауында жартылай жалаңаш билеймін деп, әлеуметтік желі қолданушылар сынының астында қалды. Kursiv.Media актрисаның «Қазақстан дауысы» ән байқауының тікелей эфиріне неге келмегенін сұрастырып білді.

Баянның орнында қонжық отыр

The Voice of Kazakhstan («Қазақстан дауысы») ән байқауының ширек финалы мемлекеттік телеарналардың бірінде тікелей эфирде көрсетілді. Алайда бес тәлімгердің бірі – продюсер әрі актриса Баян Алагөзова шоуға қатысқан жоқ. Оның орнына ұйымдастырушылар ақ түсті қонжық ойыншығын отырғызып қоюға мәжбүр болды.

Ән байқауын жүргізуші Тұрсынбек Қабатов «аю сөйлемей ме?» деп сұрап, Баянның жоқтығын түсіндіруге тырысты.

«Қуанышыма орай, әзірге сөйлемейді. Келесі эфирге дейін. Сол кезде «маған ұнамайды» деген сарынды сынның көкесін естисіздер. Әзірге мұндағы жалғыз ханшайым – өзім», – деп әзілдеді Баянның сіңлісі Бағым Мақсатқызы.

Бағым Мақсатқызы Қазақстан дауысы жобасы
Бағым Мақсатқызы және аю / фото: The Voice of Kazakhstan youtube арнасы видосынан алынған скриншот

Алагөзова шоуға неге келмеді

Kursiv.Media биылғы тәлімгерлердің бірі – Алагөзованың тікелей эфирге неге келмегенін анықтап білді. Байқаудың қалай өтіп жатқанынан қатысы бар дереккөздің айтуынша, шетелде демалыста жүрген Баян эфирдің қай күні өтетінін шатастырып алып, елге оралып үлгермеген.

«Баян жексенбі деп ойлап қалыпты – билет ауыстырып үлгермеді», – дейді дереккөз.

Соған байланысты сынға шебер Алагөзова «Қазақстан дауысы» жобасының жартылай финалына қатысатын әншілерді анықтауға үлес қоса алмай қалды.

Теңіз жағасындағы демалыс

Бұл уақытта Баян суға түсуге арналған көйлек – монокинимен билеген видеосын Instagram-дағы парағына жариялаймын деп, желі қолданушылардың сынына ұшырады. Продюсер келбетін мақтап жатқандар да бар, бірақ сын одан әлдеқайда көп.

«Осы Баян кейде артық кетеді. Күйеуінің туыстары көрмей ме?», «Джейло әдірам қалды ғой», «Тойып секіру осындай бола ма, ағайын?» деп жазып жатыр адамдар.

Алагөзова көпшіліксің сынына жауап бермеді, есесіне артынша «сториске» сприптизге көбірек ұқсайтын биші қыздардың өнерін жариялап қойды.

Жақында ғана Баян Алагөзова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанған. Бір күн өткен соң дәл осындай атақ оның сіңлісі Бағым Мақсатқызына да тапсырылған.

Сондай-ақ оқыңыз