«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің актерлері бас қосты (фото)

Жарияланды 19 Желтоқсан 2025 18:10

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: angelcakes.dubai

Әлемге әйгілі «Үйде жалғыз қалғанда» фильмінде ойнаған актерлер жылдар өткен соң қайта қауышты. Жанкүйерлерін ерекше қуантқан кездесу Дубайдағы танымал кондитерлік орындардың бірінде өтті. Кездесуден түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, мыңдаған пікір мен лайк жинады.

Желі қолданушылары бұл басқосуды балалық шақтың символына айналған фильмге деген сағынышпен байланыстырды. Көпшілік пікірінде «Үйде жалғыз қалғанда» әлі күнге дейін Жаңа жыл мерекесінің ажырамас бөлігі екенін, ал фильм актерлерін бірге көру – нағыз ностальгия екені жазылды.

Айта кетейік, «Үйде жалғыз қалғанда» фильмі араға 35 жыл салып, қайта түсірілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз