
Танымал актер, «Рэкетир» фильмінің жұлдызы Мұрат Бисембиннің денсаулығы күрт нашарлады. Бұл туралы актердің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Қызының жазуынша, Мұрат Бисембин инсульт алып, ауруханаға түскен. Қазіргі таңда өнер иесі дәрігерлердің бақылауында, тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Актердің жағдайына алаңдаған әріптестері мен жақындары бейжай қалмады. Өнер саласындағы әріптестері Жан Байжанбаев пен Саят Исембаев әлеуметтік желілерде жазба жариялап, қаржылай көмек сұрап, реквизиттерді бөлісті.
Еске сала кетейік, Мұрат Бисембин былтырдан бері қатерлі ісік ауруымен күресіп келеді.