Жұлдыз Әбдікәрімова анасына Астанадан пәтер сыйлады (видео)

Жарияланды 29 Желтоқсан 2025 16:30

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Жұлдыз Әбдікәрімова кіммен кездесіп жүр / фото: ашық дереккөзі
Жұлдыз Әбдікәрімова / фото: ашық дереккөзі

Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова анасына ерекше сый жасады. Әлеуметтік желідегі парақшасында көптен күткен арманының орындалғанын айтып, анасына Астана қаласынан пәтер сыйлағанын жариялады.

Жұлдыз соңғы бес жыл бойы анасы өзіне де, балаларына да үлкен тірек болғанын жазды. Оның айтуынша, анасы Алматы мен Астананың арасында үздіксіз қатынап, әкесінің жағдайын жасап, немерелерін бағып-қағып келген.

«Менің алаңсыз іссапарға шығып, жұмыс істеп, шығармашылығымды дамытуыма анамның қолдауы себеп болды. Балаларым толықтай анашымның қамқорлығында, мейірімінде өсіп жатыр», – деп жазды ол.

Жұлдыз Әбдікәрімова әкесі өмір бойы мемлекеттік қызметте еңбек еткенін, ғылым жолына адал болғанын және ұстаздықты ең маңызды миссия деп санайтынын да атап өтті. Оның айтуынша, демалысқа шыққан кезде әкесін де Астанаға көшіру ойында бар.

Сондай-ақ блогер соңғы жылдары жалдамалы пәтерлерді жиі ауыстырып, тұрмыстық қиындықтарды өз күшімен еңсергенін жасырмады. Үй күтушісі мен көмекшісіз, балаларын өзі тасып, бар жауапкершілікті анасының қолдауымен көтеріп жүргенін айтты.

«Екі жыл бұрын анама өз үйіме жақын жерден пәтер сыйлау арманым пайда болды. Сол арман маған күш берді», – деп жазды Жұлдыз.

Еске сала кетейік, бұған дейін, Жұлдыз Әбдікәрімова бес жыл бойы жалдамалы пәтерде тұрып келгенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз