
Американдық әнші Beyonce-нің байлығы 1 миллиард долларға жетті. Осылайша ол миллиардер атанған әншілердің бестігіне кірді, деп жазады Forbes.
Басылымның жазуынша, ол негізгі капиталын ауқымды гастрольдер өткізгенінің арқасында арттырған. Дәлірек айтқанда, үш жыл қатарынан өткен гастрольдік туры әншіні миллиардерлер қатарына қосты.
- 2023 жылы The Renaissance World Tour – 600 миллион доллар.
- 2024 жылы Beyonce Cowboy Carter елдік альбомын шығарды, ол оған NFL Рождестволық матчында өнер көрсетті.
- 2025 жылы оның туры ең көп ақша тапты.
Бұдан бөлек, оның альбомдары мен әндерінің музыкалық платформаларда тыңдалып, сатылуы да оның қанжығасын майлайды.
2010 жылы ол музыкасын, концерттерін және деректі жобаларын шығарумен айналысатын Parkwood Entertainment компаниясын құрды. Сонымен қатар, Beyonce SirDavisIvy Park виски бренді мен Cécred шаш күтімі брендіне ие.
Осыған дейін миллиардерлер қатарына бес әнші қосылған: Beyonce-нің күйеуі Jay-Z, Rihanna, Taylor Swift және Bruce Springsteen.
Айта кетейік, осыған дейін «Астана концерт» продюсері Мәлік Хасенов Қазақстанға әлемге танымал 13 әншінің келуі мүмкін екенін, олардың қатарында Eminem, Shakira мен Beyonce барын айтқан еді.