«Дәстүр: Теріс бата» фильмі алғашқы төрт күнде 407 млн теңге жинады

Жарияланды 30 Желтоқсан 2025 14:41

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Дәстүр 2
Дәстүр: Теріс бата / фото: kursiv.media архиві

Freedom Ticketon 25–28 желтоқсан аралығында кинотеатрлардағы прокат қорытындысын жариялады. Апта ішінде бірнеше фильм жоғары кассалық көрсеткішке қол жеткізді.

Өткен аптаның көшбасшысы «Аватар: От пен күл» фильмі әлі де бірінші орында тұр. Джеймс Кэмеронның атақты туындысы екінші аптада 472 035 681 теңге жинады.

Ал 25 желтоқсан күні шыққан «Дәстүр: Теріс бата» фильмі алғашқы күндері 407 257 786 теңге жинады.

Үздік үштікті Нұрлан Қоянбаевтың Qazaq Әлемі 2 толықтырды. Отандық франшизаның жалғасы 111 222 293 теңге табыс әкелді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2025 жылы ең көп касса жинаған фильмдерді жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз