
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі үшінші баласын дүниеге әкелді. Қуанышты жаңалықты өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
Дина Төреәлі жариялаған жазбасында алғашқы екі ұлдан кейін дүниеге келген қызына арнап «Қош келдің, қызым» деп жазған.
Айта кетейік, Дина Төреәлі 22 жаста. Осыған дейін Ибраһим және Ерманби есімді екі ұлды дүниеге әкелді. Ал жаңа туған сәби отбасының тұңғыш қызы.