Қазақстандық әнші Yenlik әлемдік COLORS жобасында өнер көрсетті

Жарияланды 12 Қаңтар 2026 15:18

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Yenlik әлемге танымал A COLORS SHOW музыкалық жобасының қонағы атанып, аталмыш жобаға шыққан алғашқы қазақстандық әнші атанды.

COLORS – Германияда құрылған, YouTube платформасында танымал музыкалық жоба. Бұл алаңда әртістер түрлі түсті минималистік фон аясында әнін жанды дауыста орындайды. Жобаға бұған дейін әлемге танымал Билли Айлиш, Дрейк, Joji, Tyla сынды әншілер қатысқан.

«COLORS-тан шақырту алған сәтте қуаныштан жылап жібердім. Бұған дейін өзіміз бірнеше рет өтініш берген едік, бірақ нәтиже болмады. Ал бұл жолы олар мені өздері тауыпты», – дейді әнші.

Орындаушының айтуынша, оның жобада таңдалуына музыкалық стилінің ерекшелігі және қазақ тілінде ән айтуы әсер еткен.

Yenlik-тің COLORS-тағы өнері бүгін, 12 қаңтар күні сағат 22:00-де жарық көреді.

Сондай-ақ оқыңыз