Vogue журналы Қазақстанды үздік туристік бағыттар қатарына қосты

Жарияланды 13 Қаңтар 2026 19:00

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Vogue журналы Қазақстанды үздік туристік бағыттар қатарына қосты / Фото: Kursiv.Media мұрағаты

Халықаралық Vogue басылымы 2025 жылдың үздік туристік бағыттары қатарына Қазақсанды қосты. Жалпы тізімде 14 орын бар.

Басылым авторлары The 14 Best Places Vogue Editors Visited in 2025 материалында бір жылдағы саяхаттарын қорытындылап, ең үлкен әсер қалдырған елдерді атап өткен. Қазақстан туралы жазғанда олар Алматының табиғатын, мәдениет пен тағамдарын татып көруге шақырған.

«Осы күзде мен бір жылдан астам уақыт бойы Reels лентасында маза бермеген бағытқа ақыры жол тарттым. Отыз сағаттық жол мен екі рет ауысып мінуден кейін мен Қазақстанның Алматы қаласына қондым. Бұл аймақ саяхатшылардың үздік орындар тізіміне сирек енеді, бірақ соған әбден лайық мекен», — деп атап өтіледі материалда.

Айта кетейік, бұл іріктеуге Қазақстанмен қатар көршілес Қырғызстан да енген.

Сондай-ақ оқыңыз