15 қаңтарға жұлдызжорамал

Жарияланды 15 Қаңтар 2026 08:44

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

15 қаңтар – ой-өрісті кеңейтіп, қалыпты шеңберден шығуға қолайлы күн. Алайда жұлдыздар бүгін ымыра табуға және жанжалдан аулақ болуға кеңес береді. Kursiv LifeStyle Geocult.ru деректеріне сүйене отырып, барлық жұлдыз белгілеріне арналған жұлдызнама болжамын ұсынады.

Тоқты

Мансапта батыл серпіліс жасауға уақыт келді: Бизнесте ескі байланыстарға сүйеніп, жаңа шарттар ұсыныңыз. Кешке жақын жақындарыңызбен ашық әңгіме құруға қолайлы.

Торпақ

Уран тұрақтылықты сынауды жалғастырып, қаржылық стратегияны өзгертуге итермелейді. Ұсақ-түйек істерді делегаттап, ірі инвестициялық жобаға уақыт босатыңыз. Жеке өмірде серігіңіздің бастамасына жол беріп, әрбір сәттен ләззат алыңыз.

Егіздер

Бүгінгі күн тәртіпті талап етеді. Бос әңгімелерді демалысқа қалдырыңыз. Бюджеттегі «тесіктерді» табу үшін шығындарды тексеруге тамаша күн. Романтикалық кездесуді тыныш жерде өткізген дұрыс.

Шаян

Юпитер амбицияны арттырса, Сатурн шекараны сақтауды ескертеді. Жұмыста сенімді серіктестерге арқа сүйеп, күмән тудыратын құжаттарға қол қоймаңыз. Кешті үйде өткізу ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіреді.

Арыстан

Танылуға ұмтылыс күшейеді, бірақ нәтиже үшін жұмыс істеген абзал. Қаржылық түсімдер басшылықпен келіссөздердегі табандылыққа байланысты. Қатынаста кішкентай ымыра үлкен пайда әкеледі.

Бикеш

Бүгінгі күн бикештерге өнімділік пен ой айқындығын сыйлайды. Ұзақ мерзімді жоспарлау мен күрделі техникалық процестерді бастауға ең қолайлы сәт. Жеке өмірде тұрақтылық орнайды.

Таразы

Отбасы мен мансаптың арасында тепе-теңдік табу оңай болмайды, сондықтан басымдықты алдын ала белгілеңіз. Ескі қарыздарды жабуға немесе уәделерді орындауға жақсы күн. Кешкілік таныстық болашақта пайдалы әріптестікке ұласуы мүмкін.

Сарышаян

Бүгін өзіңізді дамытуға, жаңа нарықтық трендтерді зерттеуге уақыт бөліңіз. Махаббатта жұмсақ болыңыз, күмәншілдік кедергі келтіруі мүмкін.

Мерген

Ай Лилитпен қақтығысып тұр, сондықтан аяқ асты ақшаңызды жұмсаудан сақ болыңыз. Бизнесте есепті қайта тексеріп, асықпаңыз. Қатынаста сабыр қажет, өзіңізді еншкімге дәлелдеудің қажеті жоқ.

Тауешкі

Бүгін Тауешкінің күні. Идеяларыңызды ұсынып, кәсіби беделді нығайтыңыз. Қаржы қатаң есепті талап етеді, ал жүрек – жақындардың жылуын.

Суқұйғыш

Плутон өміріңізді біртіндеп өзгертуді бастайды, алдымен қарым-қатынас шеңберінен. Кетіп бара жатқанды ұстамаңыз, тосын көрінсе де жаңа ұсыныстарға ашық болыңыз. Жеке өмірде рухани жақындық маңызды.

Балықтар

Сатурн мен Нептун ой мен істі ретке келтіруге шақырады. Ұзақ уақытқа қалдырылған құжаттар мен заңдық мәселелерді шешуге қолайлы. Қатынаста терең сенім кезеңі басталады – армандарыңызбен бөлісуден қорықпаңыз.

Сондай-ақ оқыңыз