Миғраж түнін қалай өткізу керек

Жарияланды 15 Қаңтар 2026 10:18

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Миғраж түні
фото: shutterstock

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, биыл Миғраж түні 15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түнге сәйкес келеді. Бұл түні Пайғамбар Мұхаммедке (с.ғ.с.) Алла Тағала тарапынан үлкен нығметтер берілген.

Миғраж түнінің артықшылықтары

Миғраж түні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) мынадай үш үлкен сый жасалды:

  1. Бес уақыт намаз парыз етілді;
  2. «Бақара» сүресінің соңғы екі аяты – «Әмәнәр-расулу» уахи етілді;
  3. Алла Тағалаға ешбір серік қоспай, үлкен күнә жасамаған үмбетке кешірім берілетіні сүйіншіленді.

Осы себепті Миғраж түні – тәубе жасап, рухани тазаруға, иманды күшейтуге берілген ерекше мүмкіндік.

Миғраж түнінде жасалатын сауапты амалдар

ҚМДБ мәліметінше, бұл түнді құлшылықпен өткізу – мұстахаб (ұсынылған амал). Сондай-ақ Миғраж түнін құлшылықпен өткізгісі келген жандарға төмендегі амалдарды ұсынады:

  • Намаз оқу (қаза намаздары, нәпіл және тәһәжжуд намаздары);
  • Құран оқу, әсіресе «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқу;
  • Алла Тағаладан өзі, барша мұсылман үмбеті, ата-анасы мен жақындары, бала-шағасы үшін кешірім сұрап, дұға жасау.

Еске сала кетейік, бұған дейін 2026 жылғы Ораза және басқада діни мерекелер кестесі жариялағанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз