
Белгілі блогер Мадина Мамадалиева Instagram парақшасының Stories бөлімінде сұрақ-жауап ұйымдастырды. Оқырман тарапынан қойылған сұрақтардың ішінде «Екінші әйел болуға келісер ме едіңіз?» деген де сауал болды. Мадленнің айтуынша, мұндай ұсыныс оған жақында жасалған екен.
Мадина Мамадалиева тоқал болуға қатысты ойын білдіріп, аталған ұсыныс жасаған ер адамның оған қанша мәһр беруге дайын болғанын да айтты. «Жақында бір кісі осындай ұсыныс (екінші әйел болу туралы ұсыныс – авт.) жасады. Ол Қазақстанда тұрмайды. Танысым. Мың жылдан бері таныспыз. Өте ұқыпты, сымбатты ер-азамат. Қартайып тұрған адам емес. Екінші әйелім болсаң, жылына 1 млн доллар мәһр беремін деді. Қалжыңсыз. Ұсыныстан бас тарттым. Менің шығатын биігімнің шегі бұл емес. Екінші планда болмаймын», – деп жазды ол.
Оған қоса, келесі stories-те ол әлгі ер адаммен WhatsApp-та сөйлескен чаттың скриншотын салды. Ол жерде жігіт: «Уаллаһи, ойланып көрші. Уақыт бар» деген. Мадина болса: «Энергиямды құртқым келмейді. Мен қатып қалған карьеристкамын. Аузыңа қарап отырмаймын. Менімен саған қиын болады. Кейін жас біреуді тауып алам да, сені тастап кетем. Сосын жылап қаласың, қиналып», – деп жауап берген.
Блогердің айтуынша, бұл ер-азамат үйленбей тұрып та Мадленге қыз-жігіт боп кездесуге ұсыныс жасаған.
«Тіпті мені кездесуге шығарып береміз, «сізге Мадина келеді» деп әлдекімдер алдап, ақшасын алып алған», – деді Мамадалиева.
Келесі stories-те ер адамның ұсынған мәһрінің сомасын калькуляторға салып есептеп, айына 42,6 млн теңгеге жуық шығатынын айтқан. «Оған қоса, биркин, анау-мынаулары тағы бар», – деп жазды. Оқырман болса, «Қуана-қуана келісер едім. Жалынайын, сол ер адамды маған бере салыңызшы. Тілеуіңізді тілеп өтемін. Шіркеуге жиі барып тұрамын», – деп жазып жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қазақстандық инфлюенсерлер қандай көлік мінетіні туралы жазған едік.