22 қаңтарға жұлдызжорамал

Жарияланды 22 Қаңтар 2026 08:17

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Бүгінгі күн ойыңызды жаңартып, басқару мен қаржыға қатысты батыл шешімдер қабылдауға жол ашады. Kursiv LifeStyle Geocult.ru деректеріне сүйене отырып 22 қаңтарға жұлдызжанама белгілерінің ішінле кімге қаржылай мүмкіндік, ал кімге махаббатта серпіліс әкелетінін көрсетеді.

Тоқты

Бүгін ұсақ-түйекке алаңдамау маңызды. Күн бұрын басталған істерді аяқтауға, ескі міндеттерге нүкте қоюға қолайлы. Қарым-қатынаста сенімділік пен жауапкершілік танытсаңыз, ұпайыңыз артады.

Торпақ

Уранның ықпалы жеке қаржыны жинау және бөлу тәсілдерін қайта қарауға мәжбүрлейді. Бизнесте жоспарлар кенет өзгеруі мүмкін, оған сабырмен қараған жөн. Кешкі уақыт отбасы құндылықтарын нығайтуға және тыныш демалысқа қолайлы.

Егіздер

Келіссөздер мен идея алмасуға сәтті күн. Ойыңызды жеткізуде нақты деректер мен айқын аргументтерге сүйеніңіз. Жеке өмірде жеңілдік пен шабыт сыйлайтын әңгімелер көбейеді.

Шаян

Шаян белгісіндегі ретроградты Юпитер бұрынғы серіктестік жобаларды қайта талқалауға шақырады. Жылжымайтын мүлікке немесе кеңсені жабдықтауға салынған инвестиция ұзақ мерзімде тиімді болады. Үйдегі жайлы атмосфера сізге жаңа күш береді.

Арыстан

Бүгін ақша немесе басқару саласына қатысты маңызды шешім қабылдауыңыз мүмкін. Бұл қысым емес, саналы таңдау. Қарым-қатынаста бақылауды азайтып, серіктестің сезіміне көбірек көңіл бөліңіз.

Бикеш

Құжаттар мен есеп-қисапты ретке келтіру қажет екенін планеталар айқын көрсетіп тұр. Ұқыптылығыңыз күн ортасындағы іскерлік кездесуде басты артықшылығыңыз болады. Кешкі уақыт – денсаулық пен спортқа қолайлы.

Таразы

Презентациялар, көпшілік алдында сөйлеу және белсенді коммуникация үшін сәтті күн. Қақтығыстарды жұмсарту қабілетіңіз жұмыс барысындағы шиеленісті шешуге көмектеседі. Жеке өмірде жағымды тосынсый болуы мүмкін.

Сарышаян

Тауешкідегі Марс бәсекелестермен күресте және жеке шекараңызды қорғауда күш береді. Қаржы мәселесінде суыққандылық сақтап, эмоцияға берілмеңіз. Жеке өмірде тыңдай білу маңызды.

Мерген

Сапарлар мен кестелерде кідірістер болуы мүмкін. Ашуға берілмей, бұл уақытты идеяларды жетілдіруге пайдаланыңыз. Достармен немесе пікірлес адамдармен араласу жаңа жоспарларға шабыт береді.

Тауешкі

Марстың орны ауысып, жеке имидж бен беделге назар аудартады. Бизнесте сыналған байланыстар мен консервативті құралдарға сүйенген жөн. Қарым-қатынаста тұрақтылық басым, тіпті сәл болжамды болуы мүмкін.

Суқұйғыш

Идеялар мен бастамаларға толы күн. Жаңа технологияларды қолдануға, батыл әрі креатив шешімдер қабылдауға қолайлы уақыт. Қарым-қатынаста ашықтық, шынайы диалог пен эксперименттерге сұраныс артады.

Балықтар

Балықтардағы Ай мен Сатурн терең талдау мен байыпты жұмысқа баулиды. Бизнес-процестер баяулауы мүмкін, алайда бұл жасырын тәуекелдерді анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз