Желі қолданушысы баласы бар Қалаулымның экс-қатысушысымен 3 жыл кездескенін айтты

Жарияланды 22 Қаңтар 2026 12:45

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Фото: Скрин

Инстаграм желісінде Айман Әбдіреева есімді қолданушы «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы болған Бауыржан Зорбаймен көңілдес болып келгенін жариялады.

Айман Бауыржан Зорбаймен әйелі барын біле тұра кездескенін айтып, қыз-келіншектерді ер адамына күмәнмен қарауға шақырды.

«Жалпы бұл тақырыпты не үшін қозғадым? Инстаграмдағы жылтырақ өмірге қызықпаңдаршы, әйелдер, өтініш. Қасыңыздағы жүрген еркекке сенетін заман емес. Бәріне бірдей топырақ шашпаймын, көзіммен көрген нағыз еркектер де бар. Таңғалатындай еркектер өте көп. Бірақ қазіргі кезде сондай адал, жүрісі жоқ, қадамы нық, аманатына берік еркектерден гөрі күмәнданатындай тірлікті жасайтын да еркек көп», – деп жазды ол.

Айтуынша, екеуі жүрген кезде бір-біріне ешқандай уәде беріп, келісім жасаспаған. Қарым-қатынас немен аяқталарын да алдын-ала білген. 

Айман Әбдіреева Бауыржан Зорбайға қарым-қатынасты тоқтатайық деген ұсынысты өзі айтқан көрінеді.

Жекесіне шығып, «әйеліңнің қадірін білші. Осы жүрісіңе тоқтау болуға себепші адам мен шығармын. Әйеліңді бағала!» деп жазып жіберген.

Екеуінің көңіл жарастырғанына үш жыл уақыт болған. «Одан да, менен де үш жыл бойы ешкім күдіктенбегеніне қарасақ, жақсы көңілдес болғанымыз», – деп салды Әбдіреева stories-те.

Оған қоса, оқырманға «әйелін неге аямадың?» деген сыңайда сұрақ қоймауын сұраған.

«Мен ол адамды ажырастырғым келсе, үш жыл жүрмес едім үндемей. Баяғыда істер едім. Бұл қарым-қатынастан ештеңе шықпасын білдім. Бізге бірге болған өте жайлы болды. Мен, бір қызығы, әйелі туралы мүлдем сұрамағанмын. Маған оның әйеліне деген сезімі, әйеліне деген көзқарасы қызық емес. Маған ол адамның өзі қызық болды», – деп ойын түйіндеді қолданушы.   

Осы жазбадан кейін желіде қызу талқы басталды.

«Мұны грин флаг деп жүрсек», «Қызымен контент салғанда жақсы. Себебі солай қаралым жинайды. Ал өмірде отбасына опасыздық жасайды екен», «Әйелі үшінші баласын туып берді. Тоқтау қоймағанда не істейді. Әйелін тастап кетпеді, бала көтертті, әйеліне көлік алып берді. Содан да Айман қарым-қатынасты амалсыз тоқтатты» деген сыңайда пікірлер жазып жатыр қолданушылар. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін жайдарманшы Айбек Байназаровтың пойызда бейтаныс қызға тиіскені туралы жазған едік. 

Сондай-ақ оқыңыз