Ернар Айдар арба айдаған базарды сағынышпен еске алды

Жарияланды 30 Қаңтар 2026 10:37

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Ернар Айдар көк базарды еске алды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Әнші Ернар Айдар өзі арба айдаған базарды сағынышпен еске алды. Instagram желісінде Taraz History парақшасында 2009 жылы Тараз қаласында орналасқан атақты көк базардың ескі видеосын жарияланды. Бейнежазба көпшіліктің көңілін босатып, қала тұрғындары өткен күндерді сағынышпен еске алды.

Желі қолданушыларының пікірлері арасында танымал әнші Ернар Айдардың жазбасы да көзге түсті. Әнші көк базардың өзі үшін ерекше орын болғанын атап өтті.

«Қандай керемет естелік. Бұл базар мен үшін ең ыстық, берекелі базар. Қаншама естеліктер қайта жаңғырды. Авторға рахмет!» – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Ернар Айдар бұған дейін берген сұхбаттарының бірқатарында жастық шағында осы базарда жүк тасып, арба айдағанын жасырмай айтқан еді.

Тараздықтар көк базарды ерекше сағынышпен еске алады. Себебі бүгінде бұл базар жоқ. 2012 жылы көк базар археологиялық қазба жұмыстарына байланысты жабылды. Алайда бұл орынның тарихы одан әлдеқайда тереңде жатыр. Ғасырлар бойы дәл осы жерде көне Тараз қаласы өмір сүріп, Ұлы Жібек жолымен өткен керуендерді қарсы алған. Сол базардың астынан орта ғасырдағы көне қаланың қалдықтары табылған.

«Бұл базар бүкіл Жамбыл облысының берекесін өзімен бірге алып кеткендей», «Базардың өзінің ерекше мантылары болушы еді, дәмі тіл үйіретін», «Тараздың жаны осы базар еді – қайнап жатқан өмір», – деген сынды пікірлерде көп.

Осылайша Тараздағы көк базар жамбылдықтар үшін жай сауда орны емес, тұтас бір дәуірдің, тіршіліктің, ыстық естеліктердің символы болып қалды.

Бұған дейін, Қайрат Нұртас 25 жылдан кейін Бауыржан Исаевтің «Аяулым» әнін орындаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз