
2025 жылы онлайн маркетплейстердің негізі тұтынушылары 25–44 жас аралығындағы әйелдер болып шықты. Сондай-ақ қымбат тауарларға, соның ішінде техника мен жиһазға деген сұраныс төмендеген. Тұтынушылар негізінен құны 20 мың теңгеге дейінгі ұсақ-түйек тауарларды сатып алған.
Онлайн платформа аналитиктерінің мәліметінше, сатып алушылар қымбат тауарларды сирек таңдайтын болған.
Ер адамдар электроника мен автокөлікке арналған тауарларды көбірек сатып алады және импульсивті сатып алуларды едәуір сирек жасайды.
Маркетпелйстерді орта жастан асқан адамдарда белсенді пайланала бастағаны байқалады. Егде жастағылар маркетплейстерді барған сайын сенімді пайдаланып, көбінесе косметика мен үйге арналған тауарларға тапсырыс береді.
Керісінше 18–24 жас аралығындағы жастардың маркетплейстегі белсенділігі төмендеген. Алайда дәл осы санат ең жоғары өсім қарқынын көрсетіп отыр, бұл алдағы жылдары сұраныс құрылымының өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Сатып алушылардың басым бөлігі аптасына бірнеше рет тапсырыс береді, ал орташа себет 6–10 тауардан тұрады. Бұл сирек жасалатын ірі сатып алулардан гөрі тұрақты онлайн-шопингке көшу үрдісін растайды.
Айта кетейік, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті интернет-дүкендерден сатып алынған тауарлар бутиктер мен сауда орталықтарынан алынған тауарлар сияқты қайтарылатынын еске салды. Атап айтқанда, тапсырыс кеш жеткізілсе немесе себебін түсіндірместен екі апта ішінде тұтынушы тауарды кері тапсырып, ақшасын қайтара алады.