Абай Бегей сегізінші баласының жынысын Фукуок аралында анықтады

Жарияланды 3 Ақпан 2026 10:58

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Абай Бегей
Фото: видео кадры

Әнші Абай Бегейдің шаңырағына тағы бір сәби келеді. Жаңалықты әншінің жұбайы, блогер Фариза Жұманова парақшасына қарашада салған еді. Ал жақында отбасымен Вьетнамға демалысқа барған олар сол жақта гендер пати жасады

Абай Бегей желтоқсанның аяғында Республика сарайында үлкен жеке ән кешін өткізіп, қаңтарда отбасымен демалысқа кеткен еді. Фукуок аралдарына үш қыз, бір ұлын алып барды. Сол демалысты пайдаланып сәбидің жынысын анықтауға жөн көрген. Парақшаларына жүктеген видеода Бегейдің қызы Гүлеркем мұндай рәсімдерді алдын-ала жасауға әкесі басында қарсы болғанын айтады.

«Бүгін бізде – гендер пати. Негізі бұлай алдын-ала салуға папамыз қарсы. Бірақ бәріміз үйімізге келе жатқан сегізінші бөпенің жынысын дәл осы Вьетнамда білгіміз келіп осындай кішігірім тосынсый жасадық», – дейді. 

Сәбидің жынысын Гүлеркем мен Сымбат қыздары білген. Абай Бегей де, әйелі де дүниеге ұл келеді деп ойлаған.

«Негізі интуициям ұл сияқты дейді. Бірақ қыз керек. Қыз болса күшті болар еді», – дейді Фариза.

Қорапшаны ашып, кім екенін білгенде екеуінің де қуанышында шек болмады. Қыз болатынын білген бүкіл отбасы мүшелері шаттанып, бір-бірін құшақтап жатты. Абай Бегейдің бірінші некесінен бір ұл, үш қызы бар. Жары дүниеден өткеннен кейін, екінші рет отбасын құрды. Фариза екеуінің екі ұл, бір қызы бар. Ал сегізіншісі қыз болмақ.  

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әншінің 16 жасар қызы тұрмысқа шыққаны туралы жазған едік. 

Сондай-ақ оқыңыз