«Өлім мен өмір арасында»: Еркебұлан Тоқтар Америкада оққа ұшуға сәл қалды

Жарияланды 3 Ақпан 2026 11:53

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Еркебұлан Тоқтар Америкада оққа ұша жаздады / фото: kursiv.media архиві

Актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар қазір Америкада жүр. ММА жауынгері келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін сол жаққа кеткен еді. Әлеуметтік желідегі парақшасында жаттығуға арналған зал іздеп жүріп ол күзетшінің көзіне түсіп қалып, өмірі қыл үстінде қалған жағдай туралы айтып берді.

Еркебұлан Тоқтар Америкада бокс залын іздеуге шығып, жексенбі екенін ұмытып кеткен. Энтони Джошуа, Тайсон Фьюри сынды атақты боксшылардың жаттығатын жерін тауып алып, ішін көрмекке барады. Зал жабық тұрғанын көрген олар артқы есіктен кіреді. Аралап жүргенде жанына бір адам келіп, не істеп жүргендерін сұрайды. Кейін бұл жердің жеке аймаққа жататынын біледі.

«Сендерді ұры деп ойлап қалсам, атып тастай аламын. Ол үшін мені соттамайды», – депті әлгі адам.

Еркебұлан демалыс екенін білмегендерін айтып ақталып, ертең келеміз деп кетіп қалған. Stories-ке осы оқиғаны айтып берген спортшы АҚШ-та көбі тапаншамен жүретінін айтып, заң бойынша қандай жағдайда атуға рұқсат етілетінін оқырманға айтып берді. Фоллоуерлері «өлім мен өмірдің арасында дейсің ғой», – деп жазып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Еркебұлан Тоқтардың бір образы қанша тұратыны туралы жазған едік. 

Сондай-ақ оқыңыз