
Танымал қазақстандық блогер Камилла Теңлікова 18+ контент жариялайтын жабық арнасы барын мойындады. Бұл туралы блогер «Фирсов» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.
18+ арнасы
Блогердің айтуынша, Telegram желісінде Tenli Fans атты ақылы жазылым арқылы кіретін арна жұмыс істейді. Онда өзінің интим фото мен бейнематериалдарын жариялап отырады.
«Менің жабық Telegram-арнам бар. Онда 18+ форматтағы сурет пен видеоларымды жариялаймын. Бұл арнаның ашылғанына біраз уақыт болды. Бірақ жазылушылар саны ешқашан мыңнан асқан емес», – деді блогер.
Әншілік пен блогерлік
Камилла Теңлікова бұл жобаны шағын табыс көзі ретінде қарастыратынын жасырмады. Оның айтуынша, блогерлік пен музыка саласы әрдайым тұрақты табыс әкелмейді.
Сонымен қатар, блогерлер арасындағы бәсекелестік жас блогерлер мен орындаушыларға мүмкіндік аз беретінін атап өтті. Блогердің айтуынша, соңғы уақытта оның шығармашылығынан гөрі, әлеуметтік желіде тарап кеткен видеолары көбірек назар аудартты.
«Музыкамен айналысып жүргеніме екі жылдан асты. Түрлі тақырыптарды көтеріп жүрмін. Бірақ кейде шығармашылығымнан гөрі таралған видеоларым көбірек талқыланып кетеді», – деп пікір білдірді Камилла Теңлікова.
Еске сала кетейік, бұған дейін актриса Томирис Жанғазинова 18+ сахнасына түскенін айтқан еді.