Щербаков депортацияланған Сабуровты Алматыға іздеп келгенін меңзеді

Жарияланды 9 Ақпан 2026 19:26

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Щербаков намекнул что прилетел в Алматы к Сабурову после его депортации
Щербаков депортацияланған Сабуровты Алматыға іздеп келгенін меңзеді / Фото: instagram.com/shcherbakov_alexei, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Алматыда ресейлік әзілкеш Алексей Щербаков «Пейіш 2: Анама хат» фильмінің тұсаукесеріне келіп, Қазақстанға не үшін келгенін айтты. Оның сөзін халық әріптесі және досы Нұрлан Сабуровқа қатысты деп қабылдады.

Іс-шарада түсірілген видеонықазақстандық иллюзионист Төрехан Жұманов өзінің Instagram парақшасында жариялады. Кадрларда Щербаков микрофонды алып, көрермендерге жүгінеді.

«Жігіттер, тілімнің ұшында тұрған сөзді іліп алды. Мен досымды іздеп келдім», – деді Щербаков, содан кейін фильм туралы қысқаша сөйледі.

Еске сала кетейік, Ресей билігі әзілкеш Нұрлан Сабуровтың Ресей аумағына 50 жылға дейін кіруіне тыйым салды. Осыдан кейін Сабуров желіде арнайы жазба қалдырып, жағдайға байланысты заңгерлер жұмыс істеп жатқанын жазды. Және өз отбасы мен жақындарының мазасын алмауды сұрады.

Бұған дейін, Kursiv.Media Нұрлан Сабуровтың Ресейде қандай мүлкі бар екенін жазған еді

Сондай-ақ оқыңыз