Блогер Нәзира Зәру байқау үшін 5 миллион теңгеге гауһар тастардан көйлек тіктірді

Жарияланды 10 Ақпан 2026 19:40

Торғын Қабен

Торғын Қабен

Фото: видео кадры

Блогер, кәсіпкер Нәзира Зәру Mrs Kazakhstan байқауына қатысып жатыр. Финалға шыққан қатысушы «қызыл көйлек киіп шығу керек» деген дресс-код талабын ерекше орындады. Ол елімізге танымал дизайнермен бірігіп, құны 5 миллион теңге болатын көйлек киіп шықты. Ерекшелігі сол – гауһар тастармен көмкерілген.  

Нәзира Зәру парақшасына көйлегін көрсетіп, видео жүктеді. «5 миллион теңге тұратын, бриллианттан жасалған көйлек. Қанша күнгі еңбек бағаланды деп ойлаймын. Өйткені барлық адамнан комплимент естіп жатырмын. Күн-түн демей жасалған көйлек бұл. Әр көйлекте мен өзім әйелдің энергиясын сезіндіргім келеді. Дәл осы көйлекпен сезіндіре алдым деген ойдамын. Бұл жерде толықтай бриллиант тастардың барлығы әр әйел бриллианттай жарқырап жүрсін дегенді білдіреді. Ал артындағы жүрек – сенің лапылдаған жүрегің», деп жазды ол.

Көйлектің құнын естіген оқырман ойы екіге бөлінді. Бірі тамсанып жатса, енді бірі сонша ақшаны бекер жұмсаған деп жатыр.

«Мен 5 миллионға үйімді ремонттап алар едім», «Ақшаны қайда жұмсарын білмейді. Мұқтаж жандарға көмектеспей ме? Жүректі көтеніне салып не керек» деп пікір жазған. Бұл образға тамсанғандар да аз емес. «Осы көйлектей жарқырай беріңіз», «Нази, саған бәрі жарасады. Керемет» деп жазып жатыр видеоны көргендер. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Нәзира Зәру Балиде туған күнін тойлап, жаңа сүйіктісін көпшілікке көрсеткен еді. 

Сондай-ақ оқыңыз