«Атымды жойғысы келеді»: Алмас Кішкенбаев елге жанайқайын жеткізді

Жарияланды 11 Ақпан 2026 08:25

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: Kursiv.media мұрағаты

Әнші Алмас Кішкенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында сторис жариялап, жанайқайын жеткізді.

Өнер иесі кейбір телеарналардың «қара тізімінде» жүргенін меңзеп, соған қарамастан тыңдармандары барда өнер жолын жалғастыра беретінін айтты.

Стористе әнші:

«Менің атымды тарихтан өшіргісі келеді екен. Бірақ өмір жалғаса береді. Сіздер барда мен өшпеймін», – деп жазды.

Сондай-ақ өзін қарапайым халықтың алдында тек әнші ретінде көретінін, өнерін бағалайтын тыңдармандары бар екенін атап өтті. Әнші бұл мәселеге қатысты артық сөз айтпайтынын да жеткізген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алмас Кішкенбаев кәмелетке толмаған жасөспірімге тиіскені үшін 15 тәулік қамауда отырып шыққан.

Сондай-ақ оқыңыз