Жұлдыз Әбдікәрімова ата-енесін шақырып, қоныстой жасады – видео

Жарияланды 15 Ақпан 2026 11:25

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қайрат Нұртас пен әйелі қоныстой жасады/фото: Instagram

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімова елордадағы үйіне қонақ шақырып, қоныстой жасады. Бұл туралы актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қоныстойдың басын үлкендер ашып берді. Бұйыртса енді кезек-кезегімен бәріңізді шақырамын», – деді Әбдікәрімова.

Келген қонақтардың арасында әншінің ата-анасы Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбекова да бар. Жайылған дастархан басынан отбасының өзге де туыстарын көруге болады.

Әлеуметтік желі қолданушылары отбасының татулығына сүйсініп, ізгі тілектерін жолдап жатыр.

«Сіздерді көріп бүкіл Қазақстан қуанып отырған шығар», «Ата-анаға баласының жылы назарынан басқа не керек? Немерелерін көріп бәрін ұмытып кетті», деп жазды желі қолданушылары.

Бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында бала-шағасының Мальдив аралдарынан елге оралған сәтін көрсетті.

Айта кетейік, әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың бес баласы бар. Бесінші сәбиі 2025 жылы дүниеге келді.

Сондай-ақ оқыңыз