«Слово пацана» сериалының екінші маусымы

Жарияланды 17 Ақпан 2026 17:35

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

​​General news бөлімінің редакторы a.abitay@kursiv.media
Режиссер сериала «Слово пацана» намекнул на второй сезон
Фото: kinopoisk.ru, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Әйгілі «Слово пацана. Кровь на асфальте» сериалының екінші маусымы басталуы мүмкін. Картинаның режиссері Жора Крыжовников әлеуметтік желідегі жазбасымен осындай ой тастады.

Ол инстаграмдағы парақшасына қызыл түспен «2» деген санның суретін салып, бірінші маусымға түскен актерлерді белгілеген. Олардың қатарында Леон Кемстач, Рузил Минекаев, Слава Копейкин, Лев Зұлқарнаев, Елизавета Базыкина және Сергей Бурунов тәрізді әртістер бар.

Ресми түрде екінші маусымы болады деген хабарлама болған жоқ, бірақ режиссердің жазбасына қарап оқырмандар жалғасы шығады деп топшылаған.

«Слово пацана» – криминалдық драма жанрында түсірілген ресейлік сериал. 1980 жылдардың соңындағы Қазан жастарының қылмыстық тобы жайлы баяндайды. Тек Ресей ғана емес ТМД елдерінде, Қазақстанда да ерекше танымал болды. Бірақ зорлық-зомбылық эпизодтары тым көп деген себеппен оны көрсетуге тыйым салмақ та болған.

Сондай-ақ оқыңыз