Алматыдағы Димаштың көрмесі көрерменге қатты жақты

Жарияланды 18 Ақпан 2026 19:08

Айдана Сейсембек

Айдана Сейсембек

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Димаш Құдайберген
Алматыдағы Димаштың көрмесі көрерменге қатты жақты / Фото: Делия Айдаралиева

18 ақпанда Ықылас атындағы Алматы халық музыкалық аспаптар мұражайында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Димаш: бір дауыс – мың ел» көрмесі ашылды. Kursiv LifeStyle тілшісі ашылу салтанатына қатысты.

Димаш Құдайберген
Фото: Делия Айдаралиева

Салтанатты ашылу рәсіміне әртіс ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге келді. Сондай-ақ, көрмеге әншінің жүздеген жанкүйерлері жиналды. Бұл күні кіру құны 5 мың теңге болғанына қарамастан, экспозицияға қатысқысы келетіндердің көптігі соншалық, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мұражай көрермендерге лық толды.

Фото: Делия Айдаралиева

Қатарлас орналасқан Офицерлер үйіне де халық лық толды. Үлкен зал мен дәлізге де көрермендер Димашты күтті.

Әлемге әйгілі әнші екі ғимарат арасында жүргенде, көрермендер Димашты ұстап, онымен бірге суретке түсті.

Фото: Делия Айдаралиева

Көрмеге өнерпаздың жеке коллекциясынан 70-тен астам экспонат кірді. Олардың арасында сирек кездесетін музыкалық аспаптар, сахна элементтері және естелік заттар бар. Ең ерекше артефактілердің қатарында 2011-2012 жылдары Халықаралық ғарыш экспедициясы кезінде ғарышқа сапар шеккен дәстүрлі якут аспабы чомчөй уус бар. Сондай-ақ, келушілерге румындық виртуоз Георге Замфир сыйға тартқан пан-флейта, Димаш атасы сыйға тартқан баян, сондай-ақ, стилист Майкл Джексон-Гоко Залди Димашқа арнайы түіккен сахналық костюм көрсетілді.

Іс-шара қорытындысында Димаш мұражайға бала кезінен ойнаған домбырасын сыңға тартты.

Фото: Делия Айдаралиева

Бұған дейін Димаш Құдайберген атқарушы продюсер болған Voice beyond Horizon музыкалық шоуының премьерасы туралы жазған едік. Бірінші эпизод бір күнде 102 миллион көрермен жинап, Қытайдағы рейтингтерде топ жарды.

Сондай-ақ оқыңыз