
Aeka posh атымен танымал блогер Айым Алтынбекова Threads-тегі көпшіліктің сөзіне жауап берді. Оқырманның «Жақында жаңа бір өнім шығаратын сияқты. Соның алдында қыздырып жатыр» деген пікірі қате дейді блогер.
Айым Алтынбекова екінші баласын босанғаннан кейін декретте парақшасын белсенді жүргізіп жүр. Әсіресе, кейінгі күндері тым белсеніп кеткені байқалады. Бір күні қалай өтетінін live форматта көрсетіп жүрген блогер туралы көпшілік түрлі ой айта бастады. Threads желісінде: «Аека пош қатты белсенді болып кетті. Прогревтің исі шығып тұр ма, достар» деп жазып жатыр оқырман.
«Тредстің гүлі болып жатыр екенмін. Шүкір. Көбіне контент ұнап жатыр. Қуаныштымын. Алда тек осындай контент болады. Бұрында да «лайв» түсіретінмін, бірақ қазір одан да көп болады. Бірдеңе шығарайын деп жатқан жоқпын», деді блогер.
Ал өзінің өзгеріп кеткені туралы сөзге былай деді:
«Аека басқа қырынан ашылды. Өзіміз сияқты екен деп жатқандар бар. Мен негізі бұрыннан осындаймын. 2018-2019 жылдары басқаша болдым, әрине. Оны мені бұрыннан оқитындар біледі. Инстаграмда образы басқаша болды ма екен… Жалпы күйеуіммен қалжыңдасып, бауырларыммен ұрсысатын жерде ұрсысып қаламыз. Бұрын көбіне эстетика түсіретінмін. Қазір ойлана келе неге идеал болып көрінуім керек деп шештім. Қалай бар, солай көрсетемін. Бәрін сериал сияқты көрсеткім келеді. Әрине reels қылып салмаймын, бірақ stories-ке салып қоямын. Барынша осындай форматта түсіремін», деді Айым.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Аека Пош босанғаннан кейін басталған проблемаларын айтқан еді.