Баянсұлу продюсерімен қоштасты: Әншінің YouTube-тағы әндері қайда кетті

Жарияланды 6 Наурыз 2026 08:57

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
bayansulu
фото: instagram

Соңғы уақытта тыңдармандар арасында «Баянсұлу қайда кетті?», «Неге жаңа әндері шықпай жатыр?» деген сауалдар жиі қойыла бастаған болатын. Көпшіліктің көкейіндегі бұл сұрақтарға әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ресми түрде жауап берді.

Жұмыстың тоқтауы және жаңа кезең

Әнші Баянсұлу өзінің продюсерімен жұмыс қарым-қатынасын тоқтатқанын мәлімдеді. Өнер иесі бұл шешім оңай болмағанын, алайда шығармашылық жолда мұндай қиындықтар болып тұруы заңдылық екенін атап өтті.

«Иә, расында да мен продюсермен жұмыс тоқтаттым. Бұл оңай шешім болған жоқ. Бірақ өмір болғаннан кейін, жұмыс болғаннан кейін қиындықтар болып тұрады. Мен бәрін Алла өзі реттеп береді деп ойлаймын», – дейді әнші.

YouTube-тағы әндер тағдыры

Көптеген жанкүйерлерді алаңдатқан басты мәселе – әншінің YouTube желісінен жоғалып кеткен туындылары еді. Баянсұлудың айтуынша, қазіргі таңда бұл мәселе оң шешімін тауып, өшірілген әндері қайта орнына келген. Әсіресе, кішкентай балалары бар аналардың «Балам сіздің клипіңізді көрмей, тамақ ішпей қойды» деген секілді жылы лебіздері әншіге үлкен күш бергенін жасырмады. Халықтың ыстық ықыласы өнерпазды жаңа белестерді бағындыруға шабыттандырып отыр.

Болашаққа жоспар: «Мен тоқтамаймын»

Продюсерсіз қалғанына қарамастан, Баянсұлу шығармашылығын жалғастыра бермек. Әнші алдағын жоспарларын да айтты: жаңа әндер жазу, сапалы клиптер түсіру, шығармашылық деңгейін көтеріп әрмен қарай жұмыс істей бермек.

Әнші өзінің адал тыңдармандарына қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтып, олардың сенімі бар жерде ешқашан тоқтамайтынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз