Ерлерден озған әйелдер: Гиннес рекордтар кітабы арнайы жинақ жариялады

Жарияланды 8 Наурыз 2026 17:57

(жаңартылды 9 Наурыз 2026 14:14)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Светлана Воронова

Светлана Воронова

Ерлерден озған әйелдер: Гиннес рекордтар кітабы арнайы жинақ жариялады / Фото: Shutterstock

Халықаралық әйелдер күніне орай Гиннес рекордтар кітабының ресми сайтында рекорд орнатып қана қоймай, ерлердің жетістіктерінен асып түскен әйелдердің таңғажайып оқиғалары жарық көрді.

Әлемді айналған велосипед сапары

Британиялық Рэйчел Марсден мен Кэтрин Диксон «Алиса» тандемімен жер шарын 263 күнде айналып шықты. Олардың нәтижесі ерлер орнатқан рекордтан (281 күн) әлдеқайда жылдам болды. Сапар барысында олар қайырымдылыққа ондаған мың фунт жинап, күш табандылық пен топтық жұмыста екенін дәлелдеді.

Қатарынан 200 ультрамарафон

Америкалық Кэндис Бёрт қатарынан 100 ультрақашықтықты жүгіріп өтуді жоспарлаған, бірақ тоқтай алмай, бұл көрсеткішті 200 күнге дейін жеткізді. Салыстырмалы түрде, бұл саладағы ерлер рекорды бар болғаны – 80 күн. Оның оқиғасы төзімділік пен тәртіптің символына айналды.

Ультрамарафон тәжі

Кортни Дауолтер 70 күннің ішінде ең беделді үш жүз мильдік жарысты (Western States, Hardrock және Ultra-Trail du Mont-Blanc) жеңіп шықты. Бұл – 500 шақырым қашықтық және он Эверестке тең биіктік. Оның қоржынында бірнеше әлемдік рекорд бар және ол мұнымен тоқтап қалмақ емес.

10 шақырымға созылған хула-хуп

Канадалық Хизер Брей 2016 жылы белтемірді (обруч) айналдыруды тоқтатпастан 10 шақырымды 52 минутта жүгіріп өтті. Ерлер бұл қашықтықты тек 1 сағат 25 минутта бағындырған болатын. Кейінірек ол Элвис костюмін киіп, марафонды 3 сағат 13 минутта жүгіріп өтіп, әйелдер арасында бірінші болды.

Виридиана Альварес Чавес – шыңдарды бағындырушы

Мексикалық спортшы рекордтардың тұтас топтамасын жинады: әлемдегі ең биік үш тауға шыққан ең жылдам әйел, барлық 14 сегіз мыңдық шыңды және «Жеті шыңды» бағындырған алғашқы әйел, Суринамдағы Джулианатоп тауына шығу бойынша рекорд иесі. Оның жолы – кеңсе жұмысынан таудағы өмірге және Гиннестің рекордтар кітабының Құрмет залына дейін жалғасты.

Тағы бірнеше мысал:

  • Ұлыбританиялық Андреа М. үш минутта хула-хупты белде 453 рет айналдырды (ерлерде – 290).
  • Жанни Лонго-Сипрелли тасжолдағы жарыстардан бес рет әлем чемпионы атанды (ерлердегі ең жоғары көрсеткіш – үш рет).
  • Грете Вайц марафондық мейджорларда 12 жеңіске жетті, ал Элиуд Кипчогеде – тоғыз жеңіс.
  • Дениз Мюллер-Коренек велосипедпен сағатына 296 шақырым жылдамдыққа дейін үдетті.
  • Билли-Джин Кинг пен Мартина Навратилова Уимблдонның 20 титулын жеңіп алды (ерлерде – 13).
  • Элизабет Фрай 60 жасында «Мұхиттық жетілікті» бағындырған ең егде адам атанды.
Сондай-ақ оқыңыз